ҚР ІІМ ЕСКЕРТЕДІ! Құрметті ата-аналар!Қылмыскерлердің балаларыңызды «оңай ақша табасың» деген жалған уәделерімен алдауына жол бермеңіздер.
Бүгінде жасөспірімдер мен жастарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткінің заңсыз айналымына тарту әрекеттері жиілеп кетті. Бір ғана ойланбай қабылданған шешім ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылуға әкелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, есірткі құралдарын таратуға қатысқаны үшін келесідей қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:
қылмыс алғаш рет жасалған жағдайда — 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
қылмыс адамдар тобы арқылы немесе интернет пен мессенджерлерді пайдалану арқылы жасалған жағдайда — 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін — 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы.
Балаларыңызбен ашық сөйлесіңіздер. Олардың интернеттегі қарым-қатынасына қызығушылық танытыңыздар.
«Жылдам ақша табу» туралы күмәнді ұсыныстарға ерекше назар аударыңыздар.Бүгінгі бірнеше минуттық шынайы әңгіме ертең балаңыздың болашағын сақтап қалуы мүмкін. Балаларыңызды қорғаңыздар. Олардың өмірі мен бостандығы – баға жетпес құндылық.
