Перейти к содержимому
Главная страница » Іле ауданында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Іле ауданында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Іле ауданында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Келісім мен заң үстемдігі – тұрақты қоғам негізі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы заң үстемдігін нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық келісімді сақтау бағытындағы жұмыстарды кеңінен насихаттау.

Жиынға Алматы облысынан арнайы келген сарапшылар, құқық қорғау органдарының өкілдері, медиаторлар, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам белсенділері қатысты.

Кездесу барысында қоғамдық келісімді нығайту, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, медиация институтының маңызы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық мәдениет пен қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлі жан-жақты талқыланды.

Спикерлер құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың заң талаптарын сақтау жауапкершілігін күшейту және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Іс-шара сұрақ-жауап форматында жалғасып, қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Ашық пікір алмасу қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға және құқықтық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік берді.

Осындай ақпараттық-түсіндіру кездесулері азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.