Алматы облысында заң мен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Өңірде қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, құқықбұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру – мемлекеттік органдардың басты міндеттерінің бірі.
Бүгінде облыста полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейтіліп, профилактикалық іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді. Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға басымдық беріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу, киберқылмысқа қарсы күрес және есірткі қылмысының зардаптары жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында азаматтардың өтініштерін ашық қарау, халықпен кері байланысты нығайту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жаңа бастамалар жүзеге асырылуда. Бұл шаралар тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға және өңірдегі тұрақтылықты сақтауға бағытталған.
Заң үстемдігі – әділетті қоғамның негізі. Сондықтан әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпті нығайтуға өз үлесін қосуы қажет. Алматы облысында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, қауіпсіз әрі құқықтық мемлекет қалыптастыруға қызмет ететін болады.
Тоғжан Жолдығали
