Перейти к содержимому
Главная страница » Басты құқықтық құжат

Басты құқықтық құжат

Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің тәуелсіздігі мен тұрақты дамуының берік құқықтық негізі. Мемлекетіміздің Ата Заңы әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған.

Жаңа Конституция еліміздегі саяси және құқықтық реформалардың жаңа кезеңін айқындады. Бұл жаңашылдықтар азаматтардың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Бүгінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты қоғам өмірінің басты құндылықтарының біріне айналып келеді. Әрбір азамат Конституция талаптарын құрметтеп, заң талаптарын сақтағанда ғана мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қоса алады. Өйткені құқықтық мәдениет – өркениетті қоғамның басты көрсеткіші.

Конституция – тек заңгерлердің немесе мемлекеттік органдардың құжаты емес. Ол – әрбір қазақстандықтың күнделікті өмірімен тығыз байланысты басты құқықтық құжат. Сондықтан әр азамат өз құқықтарын ғана емес, міндеттерін де терең түсініп, заңға құрметпен қарауы қажет.

Конституцияның басты мақсаты – ел бірлігін нығайтып, қоғамдық келісімді сақтау, адам құқықтарын қорғау және әрбір азаматқа тең мүмкіндік жасау. Осы құндылықтарды берік ұстанған жағдайда ғана біз әділетті, қауіпсіз әрі дамыған Қазақстанды бірге қалыптастыра аламыз.

Совет Смадылов, Көктөбе ауылдық округі Ақсақалдар алқасының төрағасы