Перейти к содержимому
Главная страница » Еңбекшіқазақ ауданы аумағында «Түнгі рейд» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Еңбекшіқазақ ауданы аумағында «Түнгі рейд» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және балалардың құқықтарын қорғау.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарының өкілдерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, кешкі және түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауға ерекше назар аударылуда.

Рейд барысында заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүрген жасөспірімдер анықталған жағдайда, олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамаған ата-аналарға қатысты да заңнама талаптарына сәйкес шаралар қолданылады.

Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасы