Алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Ішімдікке тәуелділік адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасы мен қоғамдағы орнына да кері әсерін тигізеді. Көптеген құқық бұзушылықтар, жол-көлік оқиғалары және тұрмыстық жанжалдар алкогольдің әсерінен орын алатыны белгілі.
Дәрігерлердің айтуынша, алкоголь жүрек-қан тамырлары жүйесіне, бауыр мен жүйке жүйесіне айтарлықтай зиян келтіреді. Ұзақ уақыт бойы алкогольді тұтыну созылмалы аурулардың дамуына, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне және өмір сүру ұзақтығының қысқаруына себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар ішімдік адамның ойлау қабілетін әлсіретіп, қабылдайтын шешімдерінің дұрыс болмауына әсер етеді.
Ішімдікке тәуелділік көбіне отбасы ішіндегі түсініспеушіліктерге, балалар тәрбиесінің нашарлауына және әлеуметтік мәселелердің көбеюіне әкеледі. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу және бос уақытты пайдалы өткізу – зиянды әдеттердің алдын алудың тиімді жолдарының бірі.
Әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, алкогольді шамадан тыс тұтынудан бас тартуы қажет. Салауатты өмір салты – ұзақ өмір сүрудің, мықты отбасының және қоғамның тұрақты дамуының негізі.


