Перейти к содержимому
Главная страница » Қауіпсіз қоғам құру жолында

Қауіпсіз қоғам құру жолында

    Осы аптада Алматы қаласында «HUMAN RIGHTS LAWYERS» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мемлекеттік орган өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға жасалатын қиянаттың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

    Бұл шара тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаларға қарсы бағытталған қылмыстардың алдын алуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтарды өз құқықтарын қорғау тетіктерінен хабардар етуге, сондай-ақ отбасы мен балалық шақты қорғау ісінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының бірлескен іс-қимылын нығайтуға бағытталған болатын.

Шара аясында келесі жұмыстар жоспарланған:

•        Дөңгелек үстел форматындағы талқылау;

•        Ақпараттық-түсіндіру тренингі;

•        Сарапшылармен пікір алмасу;

•        Сұрақ-жауап сессиясы.

Басқосуға қатысушылар:

•        Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер;

•        Қарасай  отбасын қолдау орталығының өкілдері;

•        «Мейірім мекені» дағдарыс орталығының мамандары;

•        Алматы облысы Аналар кеңесінің өкілдері;

•        Адвокаттар мен заңгерлер;

•        Психоаналитиктер,психологтар;

•        БАҚ өкілдері.

Талқыланатын негізгі мәселелер:

•        Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары;

•        Балаларға жасалатын қиянат түрлері және олардың алдын алу жолдары;

•        Бала құқығын қорғаудың құқықтық тетіктері;

•        Жәбірленушілерге құқықтық және психологиялық көмек көрсету;

•        Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп әрекет етуі;

•        Отбасылық құндылықтарды дәріптеу және қауіпсіз орта қалыптастыру;

•        Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы ортақ жұмыстар.

Басқосу барысында қатысушылар отбасы мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алудың өзекті мәселелерін талқылап, зардап шеккендерге құқықтық және психологиялық көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесін саралайды. Сондай-ақ өзара тәжірибе алмасып, отбасы мен бала құқықтарын қорғау саласындағы мекемеаралық ықпалдастықты нығайту бойынша нақты ұсыныстар әзірлейді.

Бұл шара мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, құқық пен психология саласының мамандары және қоғам өкілдері арасында еркін пікір алмасуға мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналды. Жиын қорытындысы бойынша мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы күшейіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және бала құқықтарын қорғау мәселесінде халықтың құқықтық мәдениеті арта түспек.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: +7 707 154 75 38

Қуат Қайранбаев