Перейти к содержимому
Главная страница » ҚАУІПСІЗ ҮЙ – ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ОТБАСЫ

ҚАУІПСІЗ ҮЙ – ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ОТБАСЫ

17-19 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Балқаш аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры Махаббат Рысқұлқызы тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында ол қоғамдық орындар мен әкімшілік учаскедегі тұрғын үйлер және пәтерлерді аралап, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, отбасы құндылықтарын нығайту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіді. Сонымен қатар, қолайсыз отбасылар мен профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тексеріп, олардың тұрмыс жағдайына зерделеу жүргізді. Тұрғындарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, құқықтық көмек алу жолдары және сенім телефондары туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.
Заң аясындағы мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Алтынай СЕЙТКЕН

Балқаш ауданы