Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық тиіспеушілік пен ерте жүктіліктің алдын алу, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Желтораңғы ауылдық округінде ата-аналармен кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында ата-аналарға балалардың су айдындарында, құрылыс нысандарының маңында және басқа да қауіпті аумақтарда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, қауіпті орындарға ескерту белгілері мен ақпараттық тақтайшалар орнатылғаны айтылып, ашық кәріз құдықтарына жақындамау және рұқсат етілмеген орындарда суға түсуге болмайтыны жөнінде ескерту жасалды.
Шара барысында ата-аналарға балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау ең алдымен ересектердің жауапкершілігі екені түсіндіріліп, оларды үнемі бақылауда ұстап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Алтынай СЕЙІТКЕН Балқаш ауданы

