Мен үшін Қазақстанның жарқын болашағы – ең алдымен сапалы біліммен, саналы ұрпақпен және елдің тұрақты дамуымен тығыз байланысты. Ұстаз ретінде жас ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне үлес қоса отырып, еліміздің ертеңіне бейжай қарамаймын.
2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау – әрбір азамат үшін маңызды саяси оқиға. Бұл күні біз тек өз таңдауымызды жасап қана қоймай, мемлекетіміздің болашақ даму бағытына да өз үлесімізді қосамыз.
Білім – кез келген мемлекеттің дамуының негізі. Бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру үшін білім беру жүйесін жетілдіру, мұғалім мәртебесін арттыру, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Себебі бүгінгі оқушы – ертеңгі елдің тізгінін ұстайтын азамат.
Мен еліміздің тұрақтылығы мен дамуын, білім мен ғылымның өркендеуін, жастардың сапалы білім алып, өз елінде еңбек етуіне мүмкіндік жасалуын қолдаймын. Осындай маңызды мәселелердің жүзеге асуына әрбір азаматтың белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі үлкен ықпал етеді.
Сайлауға қатысу – тек құқық қана емес, ол Отан алдындағы азаматтық парыз. Сондықтан әрқайсымыз ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауымызды жасап, Қазақстанның жарқын болашағын бірге қалыптастыруға үлес қосайық.
Мен өз таңдауымды жасаймын. Себебі еліміздің ертеңі – бүгінгі саналы шешімімізге байланысты.
23 тамызда сайлауға қатысып, азаматтық ұстанымымызды білдірейік!
Қайрат Сали,
«Көктөбе орта мектебі» КММ-нің педагог-ұйымдастырушысы,
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

