Перейти к содержимому
Главная страница » Қылмыстан қорғану – қоғам қауіпсіздігінің кепілі

Қылмыстан қорғану – қоғам қауіпсіздігінің кепілі

Қылмыс – қоғамның тыныштығы мен адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін құбылыс. Сондықтан әр азамат сақтық шараларын сақтап, заң талаптарын құрметтеуі қажет. Бейтаныс адамдарға сенбеу, жеке мәліметтерді жарияламау және қоғамдық орындарда қырағы болу – қылмыстың алдын алудың тиімді жолдары.

Сонымен қатар, күмәнді жағдайларды дер кезінде құқық қорғау органдарына хабарлау маңызды. Қоғам болып қауіпсіздік ережелерін сақтап, бір-бірімізге жауапкершілікпен қарасақ, қылмыс деңгейін төмендетуге және қауіпсіз орта қалыптастыруға үлес қоса аламыз.