Ауылдық округ тұрғындарының өтініштерінегізінде Еңбекшіқазақ ауданының аудандықполиция басқармасының қызметкерлері эндурожәне электрлі мотоциклдерді пайдаланубарысында орын алатын құқықбұзушылықтардың алдын алу және анықтаумақсатында кезекті рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында кейбір мотокөлік жүргізушілерініңтүнгі уақытта елді мекен көшелерінде жүріп, тұрғындардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіптібұзғаны анықталды. Сондай-ақ бірқатаржүргізушілердің көлік құралын басқару құқығынрастайтын жүргізуші куәлігі мен мототехникағақатысты құқық белгілейтін құжаттары болмаған.
Тексеру нәтижесінде он шақты мотокөлік иесіқолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны үшінәкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал олардыңмототехникасы заң талаптарына сәйкес арнайыайып тұрағына қойылды.
Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жәнетұрғындардың тыныштығын бұзатын құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы мұндайрейдтік іс-шаралар аудан аумағында алдағыуақытта да тұрақты түрде жалғасатынынхабарлайды.
Құралай МҰРАТҚЫЗЫ


