Жуырда Шонжы ауылында жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушының ұйымдастыруымен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті.
Жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, есірткіге қарсы теріс көзқарас қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақстаныда ұйымдастырылды іс-шара. Қазіргітаңда есірткі мәселесі қоғам үшін өзекті болыпотыр. Сондықтан оның зияны туралы түсіндіружұмыстарының маңызы зор. Әрі түсіндіру жұмыстары көптік етпесі анық.
Акция барысында ауыл тұрғындары мен жастарға есірткінің адам ағзасына тигізетін керіәсері, денсаулыққа келтіретін зияны және оныңболашаққа кері ықпалы жайлы жан-жақты ақпаратберілді. Сонымен қатар, тұрғындарға арнайыақпараттық брошюралар таратылып, зияндыәдеттерден аулақ болу жөнінде кеңестер берілді.Ата-аналардың бала тәрбиесіне де бей-жай қарамай, үнгемі бақылауда ұстап, қандай ортада, қандай жерде жүргендігінен хабардар болуы қажеттігі де айтылды. Көбіне жасөспірімдер қызықкөріп, шылым, кейіннен есірткіге арбалып қалып жатады. Сондықтан бұл жерде ата-аналардың да қырағы көзі көп ықпал етеді.
Іс-шара кезінде «Заң мен тәртіп» қағидатына да ерекше назар аударылды. Есірткіге қатысты құқықбұзушылықтар заңмен қатаң жазаланатынытүсіндіріліп, әр азаматтың заң талаптарын сақтауміндеті екені ескертілді. Заңға бағыну – қоғамдағытұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізі екені айтылды.
Мұндай алдын алу шаралары жастардың дұрысбағыт таңдауына, өз денсаулығынажауапкершілікпен қарауына және қоғамда белсенді, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.


