Перейти к содержимому
Главная страница » Райымбек ауданына – 90 жыл: Қарасазда жас ақындар айтысы өтіп жатыр

Райымбек ауданына – 90 жыл: Қарасазда жас ақындар айтысы өтіп жатыр

Райымбек ауданының 90 жылдығы аясында айтыскер ақын Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған «Құлмамбеттің құлынын құндақтаған өлке» атты ІІ Республикалық оқушылар айтысы өтуде.
Қарасаз ауылындағы Еркін Ібітанов атындағы Мәдениет үйінде өтіп жатқан бұл сөз барымтасын облыс әкімдігі мен аудан әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.
«Құлмамбеттің құлынын құндақтаған өлке» атты деп айдар таққан айшықты аламан екі кезеңнен, демек, іріктеу айналымы мен ақтық сайыстан тұрады.
– Айтыстың мақсаты Құлмамбеттің құлыны Оразалы Досбосынов мұраларын насихаттау, Райымбек ауданының тарихи маңызын айтыс арқылы ұрпақ санасына сіңіру, ұлттық рухпен елдік сананы көтеру, –дейді ұйымдастырушылар.
Облысымыздың әр өңірінен келіп, жырларын ақ жаңбырша төккен жас ақындар көрерменге ерекше айтыс үлгісін көрсетуде.


Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Райымбек ауданы