«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Балқаш ауданы аумағында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осыған байланысты Балқаш аудандық полиция бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығы, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, түнгі рейд ұйымдастыруда. Рейд барысында қоғамдық орындар, ойын-сауық мекемелері, саябақтар мен көшелер тексеріліп, қоғамдық тәртіптің сақталуына бақылау жүргізілді.
Тексеру кезінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз еріп жүру, түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүрген жағдайлар анықталып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті мен қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын құрметтеуге және ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді атсалысуға шақырады.
Алтынай СЕЙІТКЕН
Балқаш ауданы


