Алматы облысы Полиция департаментінен келіп түскен №111/19 нұсқауға сәйкес, Балқаш аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына қызметтік даярлық аясында «Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы» тақырыбында оқу-дәрісі ұйымдастырылды.
Дәріс барысында полиция қызметкерлеріне Жаңа Конституцияның негізгі ережелері, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қылмыстық-процестік қызметті жүзеге асыру кезінде ұсталған адамдардың құқықтарын түсіндіру тәртібі, яғни Миранда қағидатын сақтау талаптары кеңінен талқыланды.
Оқу барысында дәріс материалдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заң талаптарын қатаң сақтауы, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда Конституция нормаларын тәжірибеде тиімді қолдануының маңыздылығы атап өтілді
Іс-шара соңында заң үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқықтарын құрметтеу және қызметтік міндеттерді адал атқару – құқық қорғау қызметінің басты қағидаттарының бірі екені ерекше айтылды.
Алтынай СЕЙІТКЕН Балқаш ауданы

