Перейти к содержимому
Главная страница » Жастар және діни қауіпсіздік

Жастар және діни қауіпсіздік

Ұйғыр ауданы Шарын ауылында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру, олардың радикалды идеологиялардың ықпалына түспеуіне жол бермеу және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту мақсатында «Жастар және діни қауіпсіздік» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.

Ауыл мешітіне жиналған жастар мен мектеп оқушыларына діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, интернет желісінде таралатын күмәнді діни ақпараттардан сақтану жолдары айтылып, жалған діни насихаттың белгілері нақты мысалдармен жеткізілді. Ауыл имамы Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасы туралы да түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында ауыл имамы: «Дін – адамды жақсылыққа, сабыр мен парасатқа жетелейтін құндылық. Сондықтан әрбір жас діни ақпаратты тек сенімді, ресми көздерден алуы қажет. Жат ағымдардың жетегінде кету – тек жеке адамға емес, тұтас қоғамға қауіп төндіреді. Біздің басты міндетіміз – бірлік пен бейбітшілікті сақтау» — деп келелі ой айтып, ол ойын қарапайым мысалдармен түсіндіріп берді.

Кездесу соңында жастарға діни мәселелер бойынша тек ресми әрі сенімді ақпарат көздеріне жүгіну, заң талаптарын сақтау және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға үлес қосу қажеттігі баса айтылды.

Анар Дүйсенбайқызы Ұйғыр ауданы