Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауынан орын алады. Сондықтан жолдағы тәртіп пен өзара жауапкершілік адам өмірін сақтаудың басты кепілі болып табылады.
Жүргізушілер белгіленген жылдамдықты сақтап, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланбауы және қауіпсіздік белдігін тағуы тиіс. Ал жаяу жүргіншілер тек арнайы өткелдер арқылы өтіп, бағдаршам талаптарын орындауы қажет. Балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, ата-аналар олардың жол қозғалысы ережелерін білуіне жағдай жасауы керек.
Мас күйінде көлік басқару, қарсы жолаққа шығу, жылдамдықты шамадан тыс асыру және жол белгілерін елемеу – ауыр жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері. Мұндай құқық бұзушылықтар адамның өмірі мен денсаулығына ғана емес, өзге адамдардың қауіпсіздігіне де үлкен қауіп төндіреді.
Жолдағы тәртіп – ортақ мәдениеттің көрінісі. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін сақтап, өзара сыйластық танытқан жағдайда ғана жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға болады.


