Жол қауіпсіздігі – қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі. Күн сайын мыңдаған адам көлікпен немесе жаяу жүргінші ретінде жол қозғалысына қатысады. Сондықтан жол ережелерін сақтау – өз өмірімізді ғана емес, өзгелердің де қауіпсіздігін қорғаудың басты кепілі. Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жылдамдықты шамадан тыс арттыру, бағдаршам талаптарын елемеу және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жауапсыздығынан орын алады.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін әр адам жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы қажет. Жүргізушілер көлікті мас күйінде бсқармауы, қауіпсіз жылдамдықты таңдауы және қауіпсіздік белдігін тағуы тиіс. Ал жаяу жүргіншілер арнайы өткелдерден өтіп, бағдаршамның жасыл түсін күткен жөн. Балаларға жолда жүру мәдениетін ерте жастан үйрету де өте маңызды. Жолдағы тәртіп пен жауапкершілік – адам өмірін сақтайтын басты қағида.


