«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруаясында Еңбекшіқазақ ауданыныңпрокуратурасы аудандық Полиция басқармасымен бірлесіп, жол қозғалысықауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйеліжұмыстар жүргізіп келеді.
Осы мақсатта жол қозғалысы қағидаларын өрескелбұзу деректерін анықтау, көлік құралдарын маскүйінде басқару фактілерінің алдын алу, сондай-ақжол-көлік оқиғалары жиі орын алатын қауіптіучаскелерді зерделеу бойынша тұрақты түрдепрофилактикалық және рейдтік іс-шараларұйымдастырылып келеді. Соның негізінде қабылданған шаралар оң нәтиже беріп, жол-көлік оқығаларының саны да біршама азайды.
Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері аудан аумағында 222 жол-көлікоқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкескезеңімен салыстырғанда 10,5 пайызға төмендеп отыр.
Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларынан қазатапқандар саны 30-дан 26 адамға дейін, яғни 13,3 пайызға азайса, түрлі дене жарақатын алғандарсаны 463-тен 380 адамға дейін немесе 17,9 пайызғатөмендеген.
Аудан прокуратурасы жол қозғалысынақатысушыларды жол қозғалысы қағидаларын қатаңсақтауға, көлік құралын мас күйінде басқармауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жаяужүргіншілердің қауіпсіздігіне ерекше мән беругешақырады.
Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтыңжауапкершілігі.
Құралай Мұратқызы


