Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

«Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

20 қаралым

Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
Іс-шараға адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және заң кеңесшілері қатысты. Іс-шара барысында азаматтарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және іске асыруға қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық қызмет, азаматтық-құқықтық қатынастар және өзге де құқықтық мәселелер бойынша тегін құқықтық консультациялар берілді. Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Бүгінгі қоғамда халықтың заңнамаларды жете білуі мен заңның талаптарын күнделікті өмірде сақтай білуі маңызды. Акцияға қатысқан тұрғындар көрсетілген қызметтерге ризашылығын білдіріп, мұндай бастамалардың жиі ұйымдастырылуын қолдайтындарын айтты.

Ерзат АСЫЛ