Бүгін Алатау қаласының әкімі Аркен Хамитұлы Өтенов сайлау учаскесіне барып, жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.
Қала әкімі сайлаудың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтіп, әр азаматтың өз таңдауын жасауы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі екенін жеткізді.
«Бүгінгі сайлау – еліміздің саяси дамуындағы маңызды кезең. Әр азаматтың дауысы маңызды. Өз таңдауымызды жасау арқылы біз елдің болашағына деген көзқарасымызды білдіреміз», – деді қала әкімі.
Алатау қаласында сайлау процесі таңғы уақыттан бастап штаттық режимде өтіп жатыр. Қаладағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс берушілер үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етіліп, сайлау процесі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылуда.
Аркен Хамитұлы Өтенов қала тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, сайлау учаскелеріне келіп, өз конституциялық құқықтарын пайдалануға шақырды.
Бүгінгі таңдау – елдің ертеңіне деген жауапкершіліктің маңызды көрінісі. Әрбір азаматтың белсенділігі мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімнің нығаюына өз үлесін қосады.