Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Бала қауіпсіздігі – басты назарда

Бала қауіпсіздігі – басты назарда

19 қаралым

Есірткі қылмысының алдын алу жұмыстарының маңызды бөлігі жастарды қауіпті ортадан қорғауға бағытталған. Жасөспірімдер кейде өз әрекетінің заңдық салдарын толық түсінбей қалуы мүмкін. Әсіресе әлеуметтік желілердегі күмәнді ұсыныстарға назар аудару қажет. Кейбір қылмыстық топтар жастарды оңай ақша табу немесе уақытша жұмыс деген желеумен заңсыз іске тартады. Сондықтан кез келген ұсыныстың шынайылығын тексеру маңызды. Ата-ананың баласымен сенімді қарым-қатынас орнатуы күмәнді жағдайларды ерте анықтауға көмектеседі. Мектептер мен білім беру ұйымдарындағы профилактикалық кездесулердің де маңызы зор. Спорттық және шығармашылық орта жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Есірткінің зияны туралы ашық әрі түсінікті әңгіме жүргізу қажет. Жас ұрпақты қорғау үшін алдын алу жұмыстары үздіксіз жүргізілуі тиіс.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ