Перейти к содержимому

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!

19 қаралым

Баланың қауіпсіздігіне жауапкершілік ең алдымен ата-ана мен ересектерге жүктеледі. Кәмелетке толмағандардың кешкі уақытта қараусыз жүруіне жол бермеу қажет. Балаларға жол ережесін, өрт қауіпсіздігін және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау тәртібін түсіндірген жөн. Интернет кеңістігіндегі қауіптер де ата-ананың назарынан тыс қалмауы керек. Баланың қауіпсіздігіне жасалған әрбір қадам оның өмірін қорғауға бағытталған.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ