Балалардың қауіпсіздігі – ата-ана мен қоғамның ортақ міндеті. Балаға жол ережесін, қоғамдық орындардағы тәртіпті және бейтаныс адамдардан сақтану жолдарын түсіндіру қажет. Сонымен бірге оның интернеттегі қауіпсіздігіне де көңіл бөлген жөн. Балаға тыйым салумен қатар, не үшін сақ болу керектігін түсіндіру маңызды. Қауіпсіздікке үйретілген бала төтенше жағдайда дұрыс шешім қабылдай алады.
Ерзат АСЫЛ