Отбасындағы жанжал балалардың психологиялық жағдайына кері әсер етеді. Олар үлкендердің арасындағы түсініспеушілікті өз жүрегімен қабылдайды. Зорлық-зомбылықты көріп өскен балада қорқыныш пен сенімсіздік қалыптасуы мүмкін. Сондықтан ересектер әр әрекетінің бала тәрбиесіне ықпал ететінін есте ұстауы тиіс. Баланың қауіпсіздігі мен тыныштығы – отбасының басты міндеті. Бақытты балалық шақ – қоғамның жарқын болашағы.
Алтынай СЕЙІТКЕН