Алкогольді шамадан тыс тұтыну тек адамның өзіне әсер ететін әдет емес. Оның салдары отбасындағы жанжалға, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, жол-көлік оқиғаларына және басқа да құқықбұзушылықтарға ұласуы мүмкін.
Осы себепті алкогольдің зиянын түсіндірумен қатар, оның айналасында қалыптасатын құқық бұзушылықтардың алдын алу да маңызды.
Алматы облысында тұрғындардың өздері де бұл бағыттағы бастамаларға үлес қосып отыр. Қазіргі таңда өңірде алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан ауылдардың саны күн санап көбеюде. Полиция бұл нәтижеге тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы әсер еткенін атап өтеді.
Бұл – қауіпсіздік мәселесінің қоғамның өз ішінде де шешім таба алатынын көрсететін мысал.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ