Қазір алаяқтың бейнесі бұрынғыдай көшеде бейтаныс адам болып келе бермейді. Ол телефонның ар жағында, мессенджерде немесе әлеуметтік желіде отыруы мүмкін.
«Банк қызметкерімін», «құқық қорғау органынан хабарласып тұрмын», «инвестиция арқылы тез пайда табасыз» деген сөздер – бүгінде алаяқтар қолданатын кең таралған тәсілдердің қатарында.
Алматы облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтілген. Тіпті қаскөйлер танымал брендтердің атауын пайдаланып, жалған инвестициялық платформалар ұсынып жүрген жағдайлар анықталған.
Соңғы уақытта алаяқтардың қазақ тілінде еркін сөйлеп, тұрғындардың сеніміне кіруге тырысатыны да анықталған.
Сондықтан қарапайым қағида есте болғаны жөн: асықтыратын қоңырауға – тоқтау, күмәнді сілтемеге – баспау, бөгде адамға – жеке мәлімет бермеу. Ақшаға қатысты кез келген ұсынысты ресми дереккөзден тексеру керек.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ