Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Экологиялық жауапкершілік – әр азаматтың міндеті

Экологиялық жауапкершілік – әр азаматтың міндеті

10 қаралым

Тазалықты сақтау тек коммуналдық қызметтердің немесе арнайы мекемелердің жұмысы емес. Әрбір азамат қоршаған ортаның жағдайына өзінің де жауапты екенін сезінуі қажет. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының басты мақсатының бірі – қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру. Заңсыз қоқыс орындарын жою, қалдықтарды сұрыптау, су көздерін қорғау және жасыл желекті көбейту – ортақ міндет. 2026 жылы ғарыштық мониторинг арқылы анықталған заңсыз қоқыс орындарының едәуір бөлігі жойылып, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Таза Қазақстанды қалыптастыру әркімнің өзінен, өз үйінен және өз ауласынан басталады.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ