Бүгін Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов аудан орталығы – Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінде орналасқан №1062 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.
Аудан әкімі ел үшін маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық таңдауын білдірді. Сонымен қатар аудан тұрғындарын сайлауға белсенді қатысып, елдің бірлігі мен ынтымағын сақтауға шақырды.
«Біздің басты құндылығымыз – елдің бірлігі мен халықтың ынтымағы. Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан ел ғана алға басып, биік мақсаттарға қол жеткізеді. Сондықтан барша аудан тұрғындарын ауызбіршілігімізді нығайтып, ел болашағы үшін белсенділік танытуға шақырамын»,– деді аудан әкімі.
Сайлау – халықтың ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіретін маңызды саяси үдеріс. Осы орайда Қайыржан Жақсымбетов әрбір азаматтың таңдауы маңызды екенін атап өтіп, аудан жұртшылығын ортақ мақсат жолында ынтымақ пен бірлікті сақтауға үндеді.
Бүгінгі саяси науқан – қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтып, Қазақстанның алдағы даму бағытын айқындаудағы маңызды кезеңдердің бірі.