Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ішімдікке тәуелділік – отбасыға төнген қауіп

Ішімдікке тәуелділік – отбасыға төнген қауіп

22 қаралым

Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, отбасындағы қарым-қатынасқа да кері әсер етеді. Ішімдікке салыну түрлі жанжалдарға, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне және қоғамдық тәртіптің бұзылуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру мен алкогольді жауапсыз тұтынудың алдын алу маңызды. Әсіресе жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, олардың спортпен және пайдалы іспен айналысуына жағдай жасау қажет. Отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетіп, мәселені уақытында шешуге ұмтылғаны жөн. Әр адам өз денсаулығы мен жақындарының тыныштығына жауапты екенін сезінуі керек. Ішімдіксіз әрі саламатты өмір – берекелі отбасы мен қауіпсіз қоғамның негізі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ