Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ішімдіксіз ауыл – ынтымағы жарасқан орта

Ішімдіксіз ауыл – ынтымағы жарасқан орта

5 қаралым

Балқаш ауданында салауатты өмір салтын қалыптастыру және ішімдікке тәуелділіктің алдын алу қоғам үшін маңызды міндеттердің бірі. Ішімдіксіз ауыл бастамасы тұрғындардың денсаулығын сақтауға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Ауыл ақсақалдары, жастар және белсенді азаматтар бұл іске бірлесе атсалысқанда нәтижелі орта қалыптасады. Ішімдікке салыну көптеген құқық бұзушылық пен тұрмыстық жанжалдың себептерінің біріне айналуы мүмкін. Сондықтан алдын алу жұмыстарын күшейту – қауіпсіз ауыл құрудың маңызды шарты. Тәртіпті өмір салты – әр отбасының амандығы мен елдің болашағына жасалған қадам.

Алтынай СЕЙІТКЕН