Қоғамның беріктігі ең алдымен отбасындағы ахуалға байланысты. Егер отбасында сыйластық пен түсіністік болса, бала да дұрыс тәрбие алады. Зорлық-зомбылық пен жанжал керісінше қоғамдағы көптеген мәселелердің туындауына ықпал етеді. Сондықтан отбасылық құндылықтарды нығайту маңызды. Әр адам жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы қажет. Қауіпсіз отбасы – тұрақты және берекелі қоғамның негізі.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ