Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау – өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі. Адамдардың тыныштығын бұзу, қоғамдық мүлікке зиян келтіру немесе өзге азаматтарға кедергі жасауға болмайды. Әр тұрғын өзінің әрекеті үшін заң алдында жауап беретінін білуі қажет. Қоғамдық тәртіп сақталған жерде тұрғындардың қауіпсіздігі де жоғары болады. Сондықтан заң талаптарын сақтау әр азаматтан басталады.
Алтынай СЕЙІТКЕН