Перейти к содержимому

Көктал көркейіп, тазалыққа бет бұрды

34 қаралым

Балқаш ауданының Көктал ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Шара барысында ауыл аумағы тазартылып, қоғамдық орындар ретке келтірілді. Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары белсенді қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты. Мұндай шаралар елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың ортақ жауапкершілігін арттырады. Ауыл тазалығы – ең алдымен тұрғындардың өзара ұйымшылдығы мен жанашырлығына байланысты. «Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстар Балқаш ауданында алдағы уақытта да жалғасын табады.

Алтынай СЕЙІТКЕН