Рөлге отырған жүргізушінің басты міндеті – жол қозғалысы ережесін сақтау және айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдау қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін. Қауіпсіздік белдігін тағу да жүргізуші мен жолаушы үшін маңызды. Жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеру қажет. Жолдағы тәртіп пен мәдениет әр жүргізушінің жеке жауапкершілігінен басталады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ