Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Конституцияға құрмет – ел болашағына жауапкершілік

Конституцияға құрмет – ел болашағына жауапкершілік

25 қаралым

Ата Заң – мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ құндылығы. Жаңа Конституция елдің болашағын айқындайтын маңызды құқықтық негіз ретінде ерекше мәнге ие. Оның талаптарын білу мен құрметтеу әр азаматтың құқықтық мәдениетін көрсетеді. Конституция азаматтарға құқық берумен қатар, қоғам алдындағы жауапкершілікті де еске салады. Заңды сақтау, қоғамдық тәртіпке құрметпен қарау және өзгенің құқығын сыйлау – саналы азаматтың басты қасиеті. Жас ұрпақтың құқықтық сауатты болып өсуі еліміздің болашақ дамуына жол ашады. Конституцияға құрмет – Қазақстанның тұрақты әрі әділетті болашағына қосылған үлес.

Алтынай СЕЙІТКЕН