Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Құқықбұзушылықтың алдын алуға баса мән берілуде

Құқықбұзушылықтың алдын алуға баса мән берілуде

24 қаралым

Қауіпсіздік дегенде көбіне полиция қызметкерін, патрульдік көлікті немесе камераларды елестетеміз. Алайда шын мәнінде қауіпсіз орта тек құқық қорғау органдарының жұмысына байланысты емес. Ол – көшеде тәртіп сақтаған жүргізушіден, күмәнді қоңырауға сенбеген азаматтан, отбасындағы зорлыққа көз жұмбаған көршіден, баласының ортасына мән берген ата-анадан басталады.

Бүгінде Қазақстанда құқықбұзушылықтың алдын алуға ерекше мән беріліп отыр. Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жүйесін жетілдіруге, құқықбұзушылыққа алып келетін себептер мен жағдайларды анықтап, жоюға бағытталды.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ