Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Мектепке жол»: Алатау қаласында 500-ге жуық балаға көмек көрсетілді

«Мектепке жол»: Алатау қаласында 500-ге жуық балаға көмек көрсетілді

19 қаралым

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алатау қаласында балаларды мектепке дайындауға бағытталған «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардың 500-ге жуық баласына демеушілік көмек көрсетілді.

Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына қажетті жағдай жасау, оларды оқу құралдары мен мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз ету.

Игі бастамаға қаладағы бірқатар кәсіпкерлік субъектілері белсенді қатысып, балаларға қажетті мектеп құралдарын алып беруге өз үлестерін қосты. Атап айтқанда, «ЦинКаз» ЖШС, «Жұмыс» ЖШС, «Геокен» ЖШС, «Хенкель» ЖШС, «Пеноплекс РК» ЖШС, «Алатау Строй» ЖШС, «Маревен Фуд» ЖШС, «Юнайтед Хайджен» ЖШС, «Исткомтранс» ЖШС және «N Tas Alatau» ЖШС ұжымдары акцияға қолдау білдіріп, оқушыларды қажетті оқу құралдары мен мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге атсалысты.

Кәсіпкерлік субъектілердің әлеуметтік жауапкершілік танытып, балаларға қолдау көрсетуі – қоғамдағы өзара көмек пен жанашырлықтың жарқын үлгісі. Осындай қайырымды істер өскелең ұрпаққа қамқорлық танытып, балалардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауына мүмкіндік береді.

Алатау қаласының әкімдігі «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж балаларға көмек көрсеткен барлық демеушілерге шынайы алғысын білдіреді.

Балалардың сапалы білім алуына жағдай жасауға, олардың болашағына қолдау көрсетуге бағытталған игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.