Перейти к содержимому

Сайлау барысы бақылауда

71 қаралым

Жамбыл ауданында Құрылтай сайлауының қалай өтіп жатқаны түрлі ұйым тарапынан бақыланды. Олар дауыс беру үрдісі басталғаннан бастап саяси шараны қалт жібермей қадағалауда. Солардың бірі – «Дауыс» ұйымынан байқаушы Еңлік Дігәрбек. Оны аудан орталығындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте орналасқан №264 сайлау учаскесінде кездестіріп, сөзге тарттық.
Еңлік Арманқызы таңертеңнен бастап сайлау учаскесінде ерекше толқыныс пен жауапкершілік сезілгенін атап өтті. Айтуынша, дауыс беру үрдісі белгіленген тәртіппен басталып, бірқалыпты өтіп жатыр. Ешқандай заңбұзушылық байқалған жоқ.
«Сайлау учаскесінің жұмысы жақсы ұйымдастырылғанына куә болдым. Мұнда дауыс беруге келген әр адамның жүзінен жауапкершілік пен толқынысты көріп отырмын», – дейді қоғамдық байқаушы.
Аталған сайлау комиссиясының төрағасы Гүлжан Рахымбекқызының айтуынша, бұл учаскеде дауыс беруге құқығы бар 2738 азамат тіркелген. Сайлаушылар белсенді қатысуда.

Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы