Перейти к содержимому

Сақтық – қауіпсіздік кепілі

22 қаралым

Интернет пен телефон арқылы жасалатын алаяқтық азаматтардың қаржысына елеулі қауіп төндіріп отыр. Алаяқтар көбіне өздерін банк қызметкері, полиция өкілі немесе белгілі бір мекеменің маманы ретінде таныстырады. Олар адамды асықтырып, қорқытып немесе тиімді ұсыныс жасап, қажетті ақпаратты алуға тырысады. Банк картасының нөмірін, құпия кодты және SMS арқылы келген растау кодын ешкімге беруге болмайды. Күмәнді сілтемелерге өту де жеке мәліметтердің таралуына себеп болуы мүмкін. Қаржы пирамидасы ретінде жұмыс істейтін жобалар көбіне жоғары табысқа қысқа мерзімде қол жеткізуді уәде етеді. Мұндай ұсынысқа қызықпас бұрын компанияның қызметін және заңдылығын тексеру қажет. Күтпеген қоңырау немесе хабарлама алған кезде бірден ақша аударуға асықпаған жөн. Күмән туған жағдайда ақпаратты ұйымның ресми байланыс арналары арқылы нақтылаған дұрыс. Қаржылық қауіпсіздіктің басты шарты – кез келген ұсынысқа сын көзбен қарау.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ