Алкогольге тәуелділіктің алдын алу ең алдымен адамның өз денсаулығына деген көзқарасынан басталады. Ішімдікті көңіл көтерудің немесе қиындықтан уақытша қашудың жолы ретінде қабылдау кейін тәуелділікке әкелуі мүмкін. Мұндай әдет адамның жұмыс қабілетіне, қарым-қатынасына және отбасылық жағдайына әсер етеді. Әсіресе жасөспірімдерге алкогольдің салдарын ерте түсіндіру маңызды. Ата-ананың баласымен сенімді қарым-қатынаста болуы көптеген қауіптің алдын алады. Спортпен шұғылдану мен белсенді өмір салты зиянды әдеттерден аулақ болуға көмектеседі. Күйзеліс кезінде алкогольге жүгінудің орнына маманның көмегіне жүгінген дұрыс. Тәуелділікке тап болған адамды кінәлау емес, оған дұрыс қолдау көрсету маңызды. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау адамның бүгінгі ғана емес, болашақтағы өміріне де әсер етеді. Салауатты таңдау жасау – өзіңе деген қамқорлықтың бір көрінісі.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ