Отбасыдағы өзара сыйластық пен түсіністік бала тәрбиесіне де, қоғамның жалпы ахуалына да әсер етеді. Үйдегі келіспеушіліктерді өркениетті жолмен шешу әр отбасы үшін маңызды. Кейде тұрмыстық жанжал бақылаудан шығып, күш көрсету жағдайына дейін жетуі мүмкін. Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне бейжай қарауға болмайды. Қиын жағдайға тап болған адам жақындарынан немесе тиісті мамандардан көмек сұрай алады. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірінші кезекте тұруы тиіс. Баланың көзінше болатын жанжал оның психологиялық жағдайына әсер етуі мүмкін. Сондықтан отбасындағы мәселелерді балаға зиян келтірмейтін жолмен шешуге тырысқан жөн. Өзара әңгімелесу мен түсіністік көптеген жанжалдың алдын алуға мүмкіндік береді. Шаңырақтағы жарасым – әр отбасы мүшесінің бір-біріне құрметінен басталады.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ