Перейти к содержимому

Тәртіп отбасынан басталады

11 қаралым

Баланың болашақтағы көзқарасы көбіне отбасындағы тәрбиеге байланысты қалыптасады. Ата-ананың зиянды әдеттерден аулақ болуы – балаға берілетін ең жақсы үлгінің бірі. Ішімдікке салыну отбасындағы сенім мен сыйластыққа кері әсерін тигізеді. Кей жағдайда ол жанжал мен түсініспеушіліктің туындауына себеп болады. Сондықтан әр отбасы салауатты өмір салтын басты құндылық ретінде ұстануы тиіс. Берекелі отбасы – тәртіпті қоғамның негізі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ