«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны тазалаумен ғана шектелмейтін, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Туған өлкенің тазалығы әрбір тұрғынның күнделікті әрекетінен басталады. Қоқысты белгіленген орынға тастау, жасыл желекті қорғау, қоғамдық орындарды таза ұстау – қарапайым болғанымен, үлкен жауапкершіліктің көрінісі. Бүгінде еліміз бойынша экологиялық акциялар мен тазалық шараларына миллиондаған азамат қатысып келеді.
Таза орта – денсаулықтың, тәртіптің және жарқын болашақтың кепілі.
Алтынай СЕЙІТКЕН