Перейти к содержимому

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ МІНДЕТ

17 қаралым

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғау мен тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Оның негізгі мақсаты – табиғатты аялау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау және тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыру.

Тазалық ең алдымен адамның өзінен және өз ауласынан басталады. Қоқысты белгіленген орынға тастау, айналаны ластамау, жасыл желекке қамқорлықпен қарау – әр азаматтың ортақ ортаға қосқан үлесі.

Таза әрі жайлы орта қалыптастыру үшін үлкен іске атсалысу міндетті емес. Күнделікті қарапайым әдеттердің өзі қоршаған ортаның тазалығына оң әсер етеді.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ