Перейти к содержимому

Тазалық – ортақ міндет

29 қаралым

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында елді мекендердің көркін келтіру, қоршаған ортаны таза ұстау жұмыстары жалғасуда. Сенбіліктер барысында тұрғындар көшелерді, аулаларды, саябақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазалап, абаттандыруға үлес қосуда. Мұндай жұмыстардың басты мақсаты – айналаны тазарту ғана емес, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Әрбір тұрғын өз ауласы мен көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қараса, елді мекеннің ажары да арта түседі. Табиғатты қорғау мен тазалықты сақтау – баршаға ортақ міндет. Таза орта – жайлы өмірдің кепілі.