Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ТАЗАЛЫҚ – ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

ТАЗАЛЫҚ – ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

18 қаралым

Қоршаған ортаның тазалығы – елді мекеннің көркі ғана емес, тұрғындардың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрсеткіші. Осы бағытта жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы азаматтарды туған жерді таза ұстауға және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға үндеп келеді.
Акция аясында көшелер мен аулалар тазаланып, қоғамдық орындар ретке келтіріліп, ағаштар мен жасыл желектердің күтімі жүргізілуде. Мұндай жұмыстардың нәтижесінде елді мекендердің ажары артып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптасуда.
Әсіресе жастардың тазалық шараларына белсенді араласуы қуантады. Өйткені экологиялық мәдениет бала кезден қалыптасады. Қоршаған ортаны ластамау, қоқысты белгіленген орынға тастау, табиғатты қорғау – қарапайым болғанымен, маңызы зор әрекеттер.
«Таза Қазақстан» – тазалықты ғана емес, туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптейтін бастама. Әр адам өзінен бастап, айналасын таза ұстауға үлес қосса, елді мекеннің көркеюіне үлкен септігін тигізері сөзсіз.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ