Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау мәселесі қоғам үшін маңызды бағыттардың біріне айналды. Табиғатты аялау, елді мекендерді таза ұстау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында елімізде «Таза Қазақстан» бастамасы жүзеге асырылуда.
Бастама аясындағы сенбіліктер мен тазалық шаралары азаматтарды бір мақсатқа біріктіреді. Бірі көшені тазаласа, енді бірі ауласын ретке келтіреді, тағы бірі көгалдандыру жұмыстарына атсалысады. Осындай қарапайым әрекеттердің өзі елді мекеннің тазалығы мен көркеюіне оң әсерін тигізеді.
Тазалық мәдениеті тек арнайы акциялар кезінде ғана емес, күнделікті өмірде сақталуы қажет. Қоқысты кез келген жерге тастамау, қоғамдық орындарды бүлдірмеу, табиғатты ластамау – әр адамның азаматтық жауапкершілігі.
«Таза Қазақстан» – барша қоғамды ортақ іске жұмылдыратын маңызды бастама. Тазалықты сақтау әрқайсымыздың өзімізден басталады. Таза орта – дені сау ұрпақ пен жайлы өмірдің кепілі.
Алтынай СЕЙІТКЕН