Перейти к содержимому

Түнгі рейд жүргізілді

10 қаралым

2026 жылғы 27 тамыз күні Ташкенсаз ауылдық округінің әкімі А.Надыров  Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция инспекторларымен бірлесіп, округ аумағында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі профилактикалық рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында ауылдық округ аумағындағы қоғамдық орындар, көшелер және кәмелетке толмағандар жиі жиналатын орындар назарға алынды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру.

Профилактикалық іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау, түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрмеу және құқықбұзушылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жасөспірімдерге олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, заң талаптарын бұзған жағдайда қолданылатын жауапкершілік шаралары туралы ақпарат берілді. Ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың түнгі уақытта қауіпсіздігін бақылау және тәрбиесіне тиісті көңіл бөлу қажеттігі ескертілді.

Мұндай профилактикалық рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Негізгі міндет – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және ауылдық округ аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Ташкенсаз ауылдық округінің әкімдігі